Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына жауап беру кезінде елордалық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бақытжан Майлыбаев мәлім етті.
«Бұл басып озу, орағытып жүру, ұялы телефонмен сөйлесу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер жолағынан өту ережесін бұзу, техникалық жағдай, апаттық жағдайды тудыру, жолаушыларды көлікке отырғызу мен түсіру ережесін орындамау және басқа да фактілер бар», - деді ол.
Оның сөзінше, егер жолға техникалық ақауы бар көлікті шығарса, сондай-ақ автобусты басқаруға алкогольдік ішімдікке масайған жүргізуші жіберілсе, онда автобус парктерінің лауазымды қызметкерлері де жауапкершілікке тартылады.
Биылдың 5 айында жолға техникалық ақауы бар автобустарды шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 24 лауазымды тұлға тартылған көрінеді.