«Ағымдағы жылғы 7 айда Қазақстан Республикасының аумағында 1 мың 161 автомтокөлік ұрланды. Оның ішінде 374 ұрланған көлік иелеріне қайтарылды», - деп атап өтілген Ішкі істер министрлігінің мәліметінде.
Ведомствоның хабарлауынша, көлік бөлшектерінің ұрлығына қатысты істер көбіне Алматыда тіркеледі екен.
«Сонымен қатар, 4 287 автокөлік бөлшегін ұрлау фактісі тіркеліп, оның басым бөлігі Алматы қаласында орын алған», - делінген министрлік ақпаратында.