Биыл Қазақстан Болон үдерісіне теңтөраға болады

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Болон процесіне теңтөраға болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев айтты.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда жоғары білімінің дамуы әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті және ашық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде Қазақстанда 131 жоғары оқу орны бар және олардың саны 18-ге, ал бакалавриатта оқитын студенттердің саны соңғы 3 жылда 105 мың адамға қысқарған. «2010 жылы Қазақстан Болон процесіне қол қойып, жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне енді. Биыл, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында біз Балон үрдісінде теңтөраға боламыз», - деді ол. Т.Балықбаевтың атап өтуінше, елімізде болония процесінің негізгі қағидалары енгізілген. Олар: үш деңгейлі білім беру жүйесі, кредиттерді қайта есептеудің еуропалық жүйесі, ұлттық жоғары ғылымдардың дипломға жалпы еуропалық қосымша беруі. «Білім алушылардың академиялық ұтқырлығының 2020 жылға дейін қабылданған стратегиясы негізінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы дамуда. Жыл сайын мемлекеттік қаржы есебінен мыңнан астам шетелдік профессор дәрістер оқу мен докторлық дисертацияларға жетекшілік ету, ғылыми зерттеулер жүргізу мен оқулықтар жазу мақсатында біздің университеттерге келуде»,- деді ол.