«Ресми статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендері үшін 133 қылмыстық іс қозғалған, ал 16 жасқа толмаған балаларды жыныстық қатынасқа тартқан және жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерге қатысты 465 факт тіркелді», - дейді А.Милюк.
Құқық қорғаушының айтуынша, балаларды қорғау үшін қолда бар заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, бірқатар жаңа заң жобалары қабылданған.
«Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары балалардың құқығын қорғау бағытында, әсіресе, осы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін бірқатар заң жобалары қабылданды. Ата-аналардың да жауапкершілігін арттыратын шаралар бар. Мысалы, жаңа Қылмыстық кодекске сай, өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-аналарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады»,-дейді А.Милюк.
Маманның пікірінше, өзге заң жобаларымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң жобасы балалар мен жасөспірімдерге зәбір көрсететін, кәмелет жасына толмағандарға қатысты қылмыстар санын азайтқан.