«Бүгін БАҚ, әлеуметтік желілер тұрмыстық қылмыстар туралы басылымдарға толы. Бұл мәселе біртіндеп «көлеңкеден» шығады. 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Алайда, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз біз «үй тирандарын» жауапқа тарта алмаймыз. Жыл басынан бері отбасылық тұрмыста 68 адам өлтірілді», - деп тоқталды ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап тұрмыстық жанжал құрбаны арыз түсірмесе де, полицияның іс қозғауына мүмкіндік беретін заң нормасы күшіне енді.