«Қыс кезеңінде суда және мұзда 64 адам зардап шекті, соның ішінде 24 адам көз жұмды. ОҚО-да - 5, Жамбыл облысында - 4, Атырау облысында - 4 адам қаза болды. Өткен жылмен салыстырғанда қыс кезеңінде суда және мұзда көз жұмғандардың саны 20 пайызға өскенін атап өткен жөн. Қыс кезеңі әлі аяқталған жоқ, сондықтан мұз үстіндегі қауіпсіздік қағидаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы еске саламыз», - деп тоқталды ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, мұздағы қауіпсіздік қағидалары бойынша алдын алу жұмыстары жалғасуда.
«Өткен аптада Қарағанды облысының аумағына әуеден барлау жұмыстарын жүргізу кезінде мұз үстінде балық аулап отырған балықшыларды көрдік. Олар кей жағдайларда қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамайды. Көбінесе, адамдар мұздың үстіне көлікпен шығады. Осындай жағдайлар басқа облыстарда да болды», - деді Р. Иманқұлов.