«Ұлт руханиятын жаңғыртуда ұрпақтар сабақтастығы өте маңызы. Бұл орайда біз қазақ мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткерлердің есімін ел есінде қалдыруымыз қажет екені сөзсіз. Сондықтан биыл өнеріміз бен мәдениетімізге қалтқысыз қызмет еткен бірнеше тұлғамыздың ғасырлық мерейтойын ескере отырып, «Тағылымға толы ғасыр» атты арнайы жобаны ұсынамыз. Оның аясында біртуар қайраткерлеріміздің рухани мұрасын дәріптеп, насихаттауымыз керек. Бұл қалың көпшіліктің мәдени игілігіне жарайтын ізгі жобаға айналады деп сенемін», - деп ұсыныс білдірді Асхат Оралов.
Сонымен бірге алқа отырысында баяндама жасаған министр биыл концертмейстерлер мен би ансамблі әртістерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.