Биыл Транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалдау 3 есе артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жеті ай ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдау көлемі 3 есе артты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасына қатысқан «KTZExpress» АҚ бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың жеті айында тасымалдау 3 есе артты, бұл 845 мың тонна. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есеге көп. Былтыр жеті айда 311 мың тонна жүк тасымалданған еді. Ал биыл экспорт 9 есе артып, 494 мың тонна болды. Өз кезегінде импорт көлемі 83 есе көбейіп, 179 мың тоннаға жетті. Транзит болса, 7 пайызға артты», - деді Айбек Қапар.

Қоса кетсек, өткен айда «Қазақстан темір жолы» мен Баку теңіз порты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, енді Транскаспий бағыты бойынша жылына 4 млн тонна Қазақстан жүгі тасымалданады.