«Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар үш жүзден астам адам, оның ішінде 59 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 4000 бас малдың екі мыңға жуығы табылып, қайтарылды», - А. Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, Алматы облысындағы жайылымдардан мал ұрлаған 4 адамнан құралған топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Былтыр қыркүйектен бері олар 30 бастан астам жылқы ұрлаған.
«Кейінгі 5 жылда мал ұрлығы азайды. Егер 2018 жылы 5 мыңнан астам қылмыс тіркелсе, 2022 жылы 1 мыңнан аспады», - деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бір аптада Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді.