Мал ұрлығының себептерінің бірі – малдың бақташысыз өрісте жүруі. Ағымдағы жылы 70 пайыз жағдайда мал өрістен бақташысыз жүргенде ұрланған», - деді С. Мадиев Ішкі істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, малдарды қараусыз жіберу жол-көлік оқиғаларына себеп болады.
«Тек осы жылдың өзінде жануарларға қатысты жол–көлік оқиғаларының саны 9 пайызға (100-ден 109-ға), оның салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 7 пайызға (29-дан 31-ға), жарақаттанған адамдардың саны 18 пайызға (133-тен 157-ге) өсті», - деді Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.