«Соңғы бес жылда жасөспрімдермен жасалған қылмыстардың саны жартылай төмендеген. Дегенмен биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша олардың саны 11 пайызға өскен. Көбіне жасөспірімдер ұрлық, қарашылық, тонау қылмыстарын жасайды. Мұндай әрекетке баруға негізгі себеп – ата-аналар тарапынан балаларының мінез-құлқына қатысты тиісті бақылаудың болмауы», - деп деректер келтірді Лейла Әліпбаева ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Спикердің айтуынша, түнгі уақытта ата-аналардың бақылауынсыз көңіл көтеру орындарында жүретін жасөспірімдер жиі анықталады.