Биыл жол-көлік оқиғалары 57 пайызға көбейген - ҚР ІІМ

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАҚпарат - Биыл жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны 57% (17542) артты, оның ішінде қаза болғандар 4% (2489), жарақат алғандар 67% (22723 дейін). Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов айтты.

Оның айтуынша, ЖКО негізгі себептері ретінде мынаны атап өтуге болады: жылдамдықты асыру (3 318 ЖКО немесе 24%), мас күйінде көлік айдау (430 ЖКО немесе 3%), қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету (1 200 ЖКО немесе 9%) - бұл және басқа да жекелеген бұзушылықтар жолдардағы ЖКО-ның негізгі себептері болып табылады.

«Жүргізушілердің себептерінен - 80%-ға жуық ЖКО орын алған. Жалпы биыл 2,5 млн.-нан астам жол жүру ережелерін (ЖЖЕ) бұзу фактісі тоқтатылып, 40 мың мас күйіндегі жүргізушілер анықталды.