Биыл жылу желілерін жөндеуге бюджеттен қанша қаражат бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 133 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде республика бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54%. Қазір барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% - ға дейін төмендету міндеті тұр.

Бұған дейін Риддер, Кентау, Шахтинскіде жылыту маусымына дайындық кестеден кешігіп жатқанын жазған болатынбыз.

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.

Атырау облысында нысандардың жылыту маусымына дайындығы – 72 пайыз.

Солтүстік Қазақстан облысында шамамен бір айдан кейін жылыту маусымы басталады.

Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды.