«Өздеріңіз де білетіндей, бұған дейін бізде жыл сайынғы ҰБТ тапсырушылардың бір тобындағы норма 800 адам болатын. Бұл өте байыпты сан. ҰБТ-ның әрбір пунктіне 800 адамды өткізіп, отырғызып, тест сұрақтарын тарату өте көп уақытты алатын. Бірқатар қиындықтар туындайтын», - деді ол.
Оның атап өтуінше, осындай күрделі қиындықтардан кейін ҰБТ тапсыру уақыты ұзартылған.
«Бұған қоса, біз ҰБТ тапсыратын топтың шекті деңгейін 600 адамға дейін төмендетеміз. Яғни, ең көбі 600 адам болуы қажет. Мұнан аз болса да болады, бірақ аспауы тиіс», - деді С.Нүсіпов.