Биылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын 2 журналист алды
16:52, 08 Қазан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын екі журналист бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
2021 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын журналистер - «Новая Газета» ресейлік газетінің бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік Rappler басылымының негізін қалаушы Мария Ресса «демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға» қосқан үлесі үшін алды.
Еске салсақ, бұған дейін Нобель сыйлығының әдебиет, химия, физика, медицина салалары бойынша иегерлері анықталған болатын.