Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
Министрдің атап өтуінше, Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар және Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменттерінің базасында жол және шолғыншы полицейлерді біріктіру тәжірибесі жүргізілген. Тәжірибе барынша оң нәтиже көрсетіп отыр.
«Полиция кезекшілерінің ұтқырлығы артып, олардың тығыздығы мен аумақты қамтуы артты. Олардың кәсіби деңгейлері де артты. Барлық полицейлер жол қауіпсіздігі, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау желілері бойынша жол қозғалысы ережелерін, әкімшілік заңнама нормаларын, әкімшілік іс жүргізуді оқуда. Тәжірибенің оң нәтижесін ескере отырып, ағымдағы жылдың қарашасына дейін біз еліміздегі барлық шолғыншы және жол полициялары бөлімшелерін біріктіруге ниеттеніп отырмыз», - деді министр.
Қ.Қасымовтың сөзіне қарағанда, Үкіметтің сәйкес қаулысы бүгінде дайын.