«Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл өте сәтті деп есептейміз. 124 мың 346 оқу бітіруші түлектерден 84 мың 248 бала қазақ тілінде бітірді, бұл - 70 пайыз. Қырық мыңнан астамы орыс тілінде бітірді. ҰБТ-ға өтініш берген 87 мың 783 бітірушілерден 82 мың 865 оқушы бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл 94,4 пайызға тең», - деді С.Нүсіпов.
Оның айтуынша, биыл «Алтын белгіні» растаған балалар саны он пайызға өскен.
«Бұл біз үшін өте жағымды жаңалық», - деді ол.