Ең жоғары 125 балл жинағандар: Тараз қаласындағы №45 қазақ классика гимназиясының бітірушісі Ердосова Гүлназ, Астана қаласының 59-мектеп лицейінің оқушысы Мұстафина Риана, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистикалық гиманзиясының Самат Сымбат, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп интернатының оқушысы Абдазимова Лаура, Алматы қаласындағы №9 лицей оқушысы Яковлева Анастасия. Былтыр бұндай дәрежеге жеткендер саны төртеу болатын.
«Айта кетерлігі 100 балдан жоғары алғандар тестілеуге қатысқан мектеп бітірушілердің жалпы санының 17,4 пайызын құрап отыр. Ол былтырға қарағанда 2,4 пайызға артып, жалпы саны 14 мың 420 балаға жетті. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балды еңсергендер саны бес пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2014 жылы -77 пайыз болса, 2015 жылы 82 пайызға жетіп отыр», - деді С. Нүсіпов.