Бийск қаласында ер адам «ұшып келе жатқан» автобустардан аман құтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Бийск қаласында жаяу жүргінші «ұшып келе жатқан» автобустардан аман қалды. Оқиға 23 наурызда, сәрсенбі күні Ленин көшесінде орын алды.

Қала әкімшілігінің көлік және байланыс бөлімінің басшысы Дмитрий Брызгаловтың айтуынша, бір автобус жаяу жүргіншіні қағып кетпес үшін күрт бұрылып, бағанаға соғылды. Сырғыған ПАЗик басқа автобусты соқты.

Куәгерлердің сөзі бойынша, ПАЗиктердің бірі тоқтап, жаяу жүргіншілер жолында қартты өткізу үшін тоқтаған. Ал екіншісі оны байқамаған, немесе жылдамдықты азайтуға үлгермеген. Ол жаяу жүргіншіні жанай өтіп кетті. Салдарынан автобустардың үш жолаушысы жапа шекті.

Жаяу жүргіншінің аман қалуы видеокамераларға түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның соңғы сәтте автобустан аман құтылғанын көруге болады.