Оның хабарлауынша, оқушылардың талқылау, салыстыру, қорытынды жасау және дәлелдеу қабілеттерінің төмен дәрежеде екендігі анықталды. «Негізгі бағдар тек білім беру тәсіліне ғана бағытталады. Ал осы білімді іс жүзінде пайдалану дамымай отыр. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің логикалық тапсырмалары да аталған кемшіліктің бар екендігін көрсетті», - дейді Б.Жұмағұлов.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық жоспары қабылданды. Ал әлемдік тәжірибе негізінде әзірленген жалпыға міндетті білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары алғаш рет пәндердің мазмұнын емес, оқушылардың практикалық дайындығын шыңдауға мүмкіндік бермек.