Белсенді қызметкерлер елорда жастары бастаған челленджді қостап, #БізБіргеміз хештегімен өзге де мекемелерді науқанға қатысуға шақырды. Аталмыш шара елорда көшелерін қардан тазартуға және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында бастаманың волонтерлер жылына сай екендігін атап өтіп, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау ұсынысын қолдайтындығын білдірді.
Айта кетсек, елорда еріктілерін алғаш қолдағандар қатарында белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері болды.