«Бізде жоғары технологиялы медициналық құрал-жабдықтың қыр-сырын білетін білікті маман тапшы. Бұл мәселені Ұлттық кеңестің мүшесі Тәттігүл Талаева көтерген болатын. Денсаулық сақтау жүйесіне қажет техникалық кадрларды даярлау ісін қолға алға жөн. Мамандарды, әсіресе биоинженерді оқытуға медициналық техника шығаратын компанияларды барынша тарту керек. Медициналық құрал-жабдықтарды күтіп ұстау аса маңызды. Бұл жұмыспен кешенді түрде айналысу қажет. Үкіметке медициналық техниканы жөндеп, оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын. Бұл саладағы жұмыс жүйеленсе, бюджет шығыны азаяды», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, денсаулық сақтау мекемелеріндегі техника бұзылып, босқа тұрмауы қажет.
«Жалпы, білім сапасы жақсарса, тұтас ұлттың бәсеге қабілеті артады. Осы салаға салынған инвестиция болашақта еселеп қайтады. Жастардың табысқа жетуіне және ел игілігі үшін еңбек етуіне жол ашылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.