ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде ақпарат тарады.
Фото: БҚО тұрғындарынан келген фото
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ведомство уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
— Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақтан табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Фото: БҚО тұрғындарынан
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған.
Мұндай оқиға облыс аумағында өткен жылы бірнеше рет болған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).