БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылында болды.
Өз үйінде 2009 жылғы ұл бала асылып қалған. Ол – отбасындағы үш баланың үлкені. Нақты не себеп болғаны белгісіз.
«Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.