Кеңеске облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Шекара қызметінің, ұлттық қауіпсіздік оргадарының, полиция департаментінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Қатысушылар өткізу пунктінің қызметімен, инфрақұрылымының жай-күйімен және техникалық жарақтандыруымен танысты, сондай-ақ өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
— Соңғы 5 жылда мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуге байланысты 143 қылмыстық құқық бұзу тіркелді.
Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға байланысты 35 қылмыстық құқық бұзу болса, 2 жылда шекара және көші-қон режимін бұзуға байланысты 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу тіркелген.
Осы жылдың өзінде заңсыз тауар өткізуге байланысты 500-ге жуық әрекетіне тосқауыл қойылды, — делінген Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарламасында.
Шекарамен байланысты барлық проблемаларды өзара бірігіп шешудің 3 жылға арналған тұжырымдамасы жасақталды.
Құжат шекара қызметінің инженерлік инфрақұрылымын жаңарту, қызметті цифрландыру, өткізу пункттерін дамыту және техникалық жарақтандыру, көші-қон бақылауын жетілдіру бойынша нақты шараларды көздейді.
Айта кетелік қыркүйекте шекарашылар 4 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады.