БҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, бұлардың қатарында жұмыс бабымен көршілес мемлекеттерге немесе Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен, сондай-ақ тұрғылықты жері белгісіз адамдар бар. Алайда олар облыстағы медициналық ұйымдардан есептен шықпаған.
Аталған пациенттердің орналасқан жерін анықтау және медициналық бақылауға қайта тарту мақсатында көші-қон қызметімен, полиция департаментімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу деректері және медициналық ақпараттық жүйелер негізінде іздестіру шаралары жүзеге асырылу үстінде.
- АРВ терапиясын қабылдаудан бас тартқан пациенттермен емді қайта бастау және медициналық бақылауға тарту мақсатында мультидисциплинарлық топ жұмыс істейді. Оның құрамына дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер және патронаждық мейіргер кіреді, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 40-тан астам адамның АИТВ инфекциясын жұқтырғаны тіркелгенін жазған едік.