ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 40 жастағы екінші топтағы мүгедек Антон Борисов 2 сәуір күні шамамен сағат 21.00-де Теректі ауданы Аңқаты ауылынан 20 шақырым жерде Шалқар көлінің жағасында аң аулауға кеткеннен оралмаған.
Өзімен бірге аңшы мылтығы, оқ-дәрісі болған, қолына электронды сағат таққан.
Бойы 175-180 см, арықша келген, үстіне сары-көк түсті комуфляж костюм, аяғына етік киген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адамның таптырмай жатырғанын жазған болатынбыз.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл адамның да әлі табылмағанын, іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).