БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлдана Керееваның мәлім еткеніндей, соның ішінде 159 сынамадан (5,4 пайыз) сәйкессіздік анықталды.
Гүлдана Қайыржанқызының сөзіне қарағанда, өткен жылы осы мерзімде 3 542 сынаманың 199-ы (5,6 пайызы) талапқа сай болмай шыққан еді.
- Микробиологиялық көрсеткішке алынған 2 903 сынаманың 89-ынан (3,0 пайыз) сәйкессіздік табылды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен (3622, сәйкессіздік – 110 немесе 3,0 пайыз) тең деуге болады. Жалпы, Батыс Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар нәтижесінде халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі жақсарып келеді. Өткен жылдың он айында облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 96 пайыз болса, биыл 98,8 пайызға жетті, - деді Г.Кереева.
Оның айтуынша, сонымен қатар сауда желілеріндегі өнімдердің сапасы ұдайы қадағаланып отыр.
Департамент мәліметіне сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін 807 өнім сынамасы сатып алынып, зерттелген. Соның 640-ы немесе 79,3 пайызы тамақ, 167-сі немесе 20,7 пайызы – тамақ емес өнімдер. Осылардың ішінде 115-і (41-і – тамақ, 74-і – тамақ емес өнімдер) сәйкес болмай шыққан. Оған қоса таңбалаудан 107 сәйкессіздік анықталған.
Осыған байланысты ведомство өнімдерді сатып алу кезінде олардың сапасына, қауіпсіздігіне және таңбалануының дұрыстығына ерекше назар аудару керектігін еске салады. Тұтынушылар сатып алатын өнімнің құрамы, дайындалған материалдары, тағамдық құндылығы, аллергендердің болуы және адам денсаулығына ықтимал қауіп төндіретін заттардың құрамы туралы ақпарат алуға құқылы. Сондықтан өнім туралы ақпараттың толықтығы мен анықтығын тексеру — тұтынушылардың денсаулығын қорғаудың және қауіпсіз өнімді таңдаудың маңызды шарты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ЖРВИ-мен сырқаттанушылық төмендегенін жазған едік.