ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бірнеше бағытта жол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (0-159), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Жабылу себебі – қатты бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді.
Сонымен қатар БҚО ТЖ департаменті 21 наурыз күні де күн райы бұзылатынын, осыған орай ескерту жарияланғанын жеткізді. 21 наурыз күні түнде өңірдің кей жерлерінде және Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар 10 жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).