ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткеніндей, 17 наурыз күнгі жергілікті сағат 23.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар тоғыз жол жабылды.
Атап айтқанда, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км), Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Приурал-Ақсай (0-35), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Орал-Кирсанов (1-83 км), Барбастау-Ақжайық-Индербор (0-108 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км), Аңқаты-Сарыөмір (0-64 км) және Федоров-Ақсай (0-82 км) жолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында хабарламалардың таратылып жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде Орал қаласында да боран соғып тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).