ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Допинг» жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі барысында 12 құқықбұзушылық анықталса, соның төртеуі қылмыстық іске жатады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 117,37 грамм марихуана, басқа да есірткілік заттар айналымнан алынды. 15 мамыр күні Ақжайық аудандық ауруханасының аға фельдшері Т-ның есірткілік заттарды медициналық мақсатта пайдаланудың ережесін бұзғаны белгілі болды. Тексеру нәтижесінде брюзипам түріндегі психотроптық заттың 2 ампуласы, 0,304 кг мөлшерінде күкірт қышқылы алынды. Сол күні аталмыш ауруханадағы емхананың дәрігер-онкологы О. мен медбике Б. тарапынан да осындай заңбұзушылыққа жол берілгені анықталды.
Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 265-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).