ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «КазАрмаПром» ЖШС пешінде 137 дана қару балқытылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мұндай шара тоқсан сайын өткізіліп келеді.
Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағдар Әбуовтың төрағалық етуімен арнайы құрылған комиссия барлығын тексеріп, содан кейін қапқа салынған қару пешке тасталды. Соның ішінде 104 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 10 газды тапанша, 8 травматикалық қару, 7 пневматикалық тапанша, 2 шолақ мылтық, 6 заттай айғақ балқытылды. Сондай-ақ 13 электршокер, 3 тетік, 1 кастет, 9 пышақ пен 1 балта жойылды.
Мұның бәрі - тәркіленген және тұрғындар өз еркімен тапсырған қарулар.
Айта кетейік, биыл қару тапсырған тұрғындарға 8 млн теңге төленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).