ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айынан бері 863 адам көктайғақ кезінде құлап, зардап шекті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, науқастардың аяқ-қолының жұмсақ тіндері соғылған. Аяқ-қолдары сынған, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.
Басқарма мәліметіне қарағанда, соның ішінде 356-сы ауруханаға жатқызылды. Амбулаторлық ем алған науқастарға түрлі медициналық көмектер ( гипс салу, сынықтардың жабық репозициясы, жараларды өңдеу) көрсетілді.
- 2024-2025 жылғы қысқы мезгілде 1 766 адам көктайғақтан жарақат алған еді. Көктайғақ кезінде оқыс жағдайға тап болмау үшін табаны таймайтын аяқкиім киіп, абайлап жүру, қолды қалтаға салмау керек. Қажет болса, мұзға қарсы жапсырма қолданған жөн. Көктайғақ күндері, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін сыртқа шықпау да маңызды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО ауруханасында пациенттер үшін жағдай жасалмағаны рас па, соны жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).