БҚО-да «Құқықтық тәртіп» шарасы аясында бір күнде 24 қылмыс ашылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 23-25 тамыз аясында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында бір тәулікте 24 қылмыс ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде іздестірілуде жүрген екі күдікті құрықталды. Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» шарасының алғашқы күнінде 465 әкімшілік заңбұзушылық тіркелді. Соның ішінде 168 қоғамдық тәртіпті бұзушылық анықталды. Оған қоса 15 жүргізуші мас күйінде көлік руліне отырғаны, 35-і ұялы телефонды қолданғаны, 60-ы жылдамдықты арттырғаны, 20-сы қауіпсіздік белдігін тағынбағаны, бесеуі қарсы бетке шығып кеткені үшін жауапқа тартылды.

ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны 20 әкімшілік хаттама толтырылып, қабылдап-тарату орнына 35 адам орналастырылды.   

Аталмыш шара одан әрі жалғасуда.