ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 24 маусым күні өте қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 21 маусымдағы мәліметі бойынша кей жерлерде температура тілі 40-43 градусқа жетеді.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынатын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қазгидромет» өрт қаупі күшейетінін ескерткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).