ОРАЛ. ҚазАқпарат - 3 қаңтарға қараған түні Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында тұрған жасөспірім өз үйінің ауласында асылып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен ақпаратқа қарағанда, сол күні кешке баланың ата-анасы қонаққа кеткен де, студент апасы үйде болған. Інісінің асылып қалғанын көрген апасы сол бойда ата-анасына хабарлаған. Марқұм сол ауылдағы №1 орта мектептің 10-сыныбында оқыған, мінезінде оғаш қылық байқалмаған.
Айта кетейік, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы өңірде барлығы 187 суицид оқиғасы тіркелсе, соның ішінде оннан астам жасөспірім өз өмірін қиды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).