Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты орман шаруашылығы қызметтері, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальоны жұмылдырылды.
— Әуеден өрт сөндіру жұмыстарына ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазавиаорманқорғау» РМК тікұшақтары тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары екпінді желдің әсерінен қиынға соққан. Соған қарамастан, бөлімшелер өртті толық сөндіру бойынша қажетті жұмыстарды жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тоннаны құрайтын 46 рет су төгу жұмыстары орындалды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасады. Жағдай ҚР ТЖМ бақылауында.
Еске сала кетейік, Орал қаласында Хан тоғайы отқа оранды.