ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шықты.
Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, зейнеткер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды.
Орал қаласында ер адам өзімен 48 жыл бірге тұрған зайыбын өлтірген.
«Зейнеткер өздерінің тұрып жатқан пәтерінде әйелін соққыға жығып, аяқкиімнің бауымен қылғындырып, сосын қолымен мойнынан буындырып өлтірген. Сот отырысында сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, қылмысын мойындайтынын көрсетті», - деп хабарлады ведомстводан.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жүкті әйелдің босану кезінде көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).