БҚО-да республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
10:35, 03 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2025 жылғы 3 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
- «Ақтөбе-Орал» автожолының 195-248 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-72 шақырым аралығы (Орал қаласынан Тасқала ауылына дейін);
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 375-492 шақырым аралығы (Ақжайық ауылынан Орал қаласына дейін).
Жолды 3 ақпан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.
Екі облыста көлік қозғалысы ашылғанын жазған болатынбыз.