БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен тәулікте 35 адамнан індет табылса, 25 науқас жазылып шықты.
Күні бүгін 791 адам үйлерінде амбулаторлық ем алуда.
Сондай-ақ 252 науқас облыс стационарларында ем қабылдап жатыр.
Соның 155-і модульдік стационарда, 52-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. 25-і ауыр халде болғанымен, инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар жоқ.
Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 2866 бала сырқаттанса, соның 2785-і емделіп шықты. 81-і сауығу үстінде.
Пандемия басталғаннан бері 38 677 адам коронавирус жұқтырды. Биыл 29 456 науқас анықталса, соның 20 332-сі – ауру белгісі барлар.
Облыс бойынша барлығы 233 759 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 56,4 пайызы.
Соның ішінде 211 835-і екінші компонентті салдырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір аптада жедел жәрдемге 6 мыңға жуық қоңырау шалынғанын жазған болатынбыз.