Бейнежазбада ер адам сарқырап ағып жатқан судың мол екенін, жол үстімен өтіп жатқанын айтады. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті жауап берді.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, аудан орталығы Қаратөбе ауылынан 2 шақырым жерде жергілікті маңызы бар Қаратөбе-Қарақамыс автожолында жергілікті атқарушы органдармен су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда, су ағыны ескі арнамен және құятын жол төсемінен өткізілуде.
— Қаратөбе ауданының әкімдігі облыс басшылығымен келісім бойынша 2024 жылдың жазында су ағынын ескі арнамен және құятын жол төсемінен өткізу туралы шешім қабылдады. Аталған іс-шара арнадағы суды алдын ала өткізу мақсатында атқарылып жатыр. Көлік қозғалысы тоқтатылмаған. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жергілікті атқару органдар күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тасқын судан келер қауіп қандай екенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-да 32 мың адам сыятын 317 уақытша орналастыру пункті дайын.