ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 15 сәуірден бері тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу шарасы жүргізілуде.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде азаматтардан 167 өтініш түсіп, 183 атыс қаруы мен 247 дана оқ-дәрі ерікті түрде тапсырылды. Сол үшін оларға 3 млн. 125,748 мың теңге төленді.
Аталмыш шара одан әрі жалғасуда.
Айта кетейік, шараны өткізу үшін республикалық бюджеттен 10 млн. 047 мың теңге бөлінді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).