Ол терроризмді насихаттады деп күдіктелуде.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
09:17, 23 Мамыр 2024
БҚО-да терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.