БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, 29 қараша күні Президент күніне орай салтанатты шара өткізілді. Онда ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылды. Қазақстан Республикасы мен Астананың қалыптасып, дамуына сіңірген еңбегі үшін полиция департаментінің төрт бірдей қызметкері «Астана 20 жыл» медалімен марапатталды. Сондай-ақ 14 полиция қызметкері министрдің марапатына ие болды. Өңір бойынша 600-ден астам қызметкер БҚО полиция департаменті бастығымен ынталандырылды.
Жиында БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Асылғали Меңдіғалин тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтады.
«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыздың басшылығымен экономикамыз дамып, қазақстандықтардың әл-ауқаты артып, халық бірлігі нығайып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан- 2050» стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Президенттің бес әлеуметтік тапсырмасы, «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» және басқа бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Елбасы биылғы 5 қазандағы Жолдауында құқық қорғау органдары, соның ішінде полиция қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Соған сәйкес полиция органдарын түбегейлі жаңарту ісіне бәріміз де атсалысуымыз керек», дедіА.Меңдіғалин.
17:39, 29 Қараша 2018
БҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай 600-ден астам тәртіп сақшысы марапатталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күніне орай 600-ден астам тәртіп сақшысымарапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.