БҚО-да тұрғындардан қару сатып алуға 5 млн теңге бөлінді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғындардан қару сатып алуға ел бюджетінен 5 млн 041 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ел аумағында тұрғындардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу шарасы 10 сәуірде басталады.

Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді.

Сыйақы мөлшерін қару-жарақтың техникалық жай-күйіне қарай комиссия белгілейді.

Айта кетейік, өткен жылы бұл мақсатқа республика бюджетінен БҚО-ға 8 млн 040 мың теңге қаралып, тиісті шаралар атқарылған болатын.