БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 47 жүргізушіге автокөлік руліне мас күйінде отырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. 48 жүргізуші көлік құралын басқару құқығы болмаса да, автокөлікке отырған. Сондай-ақ жылдамдықты шамадан тыс арттырған 171, жолдың қарсы бетіне шыққан 3, автокөлікті жалған нөмірмен айдаған 4, жаяу жүргіншіге жол бермеген 53, бұрылу ережесін бұзған 141, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 223, ұялы телефонды қолданған 156, техникалық байқаудан өтпеген 47, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамаған 18 жүргізуші, сондай-ақ жол ережесін бұзған 131 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
22:38, 13 Қараша 2017
БҚО-да үш күнде 1 500-ден астам жол ережесін бұзушылық тіркелді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 9-11 қараша аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында 1 500-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.