ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында БҚО ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген жағдайда жұмыс жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алу шараларына мыңнан астам қызметкер, соның ішінде Ұлттық ұлан жауынгерлері тартылды.
Аталған кезеңде облыста 1126 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, соның 11-і - ұсақ бұзақылық, 217-сі - спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу, 125 адам уақытша бейімделу және уытсыздандыру орталығына (медициналық айықтырғыш) жатқызылды. Сонымен қатар 855 жол ережесін бұзушылықтың жолы кесілсе, соның ішінде 17-сі автокөлікті мас күйінде айдағаны, 18-і жылдамдықты шектен тыс арттырғаны, 26-сы күңгірттелген әйнегі бар автокөлігіне отырғаны, үшеуі бағдаршамның тыйым салған белгісін елемегені үшін ұсталды.
Құқық бұзушыларды бәрі тиісті әкімшілік жауапқа тартылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).