ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақтан басқа гидробекеттерде төмендеді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 26 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылында өзен деңгейі бір тәулікте 8 сантиметрге түсті. Онда қазір – 872 см (қауіпті шегі – 1 250 см).
Сондай-ақ Орал қаласы тұсында 4 (855 сантиметр, қауіпті шегі – 850 см), Бәйтерек ауданы Көшім ауылында 2 сантиметрге (855 см) төмендеді.
Есесіне Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында бір тәулікте 14 сантиметрге көтеріліп, 562 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түсіп жатыр.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша республика өңірлері мен қалаларынан көмекке келгендердің бір тобы бүгін елдеріне қайтады. Сонымен қатар әлі де қалып жатқандар бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында 10 эвакуациялық пунктте 2 400-ден астам адам орналасқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).