ОРАЛ. ҚазАқпарат - 17 қыркүйек күні шамамен сағат 06.30-да «Лэнд Ровер» көлігінің 1995 жылғы Н. деген жүргізушісі Орал-Атырау күре жолының 56-шақырымында, Зеленов ауданы Янайкин ауылының тұсында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Митцубиси Натива» автокөлігімен түйіскен.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның салдарынан «Митцубиси Натива» автокөлігінің 1975 жылғы жүргізушісі И. оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, биылғы сегіз айда 285 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 63 адам көз жұмса, 332-сі түрлі жарақат алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).