ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылынан 10 шақырым жерде болды.
Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.
Соның ішінде 1983, 1985 жылғы ер адамдар, 1999 жылғы жігіт және 1971, 1976 жылғы әйел адамдар алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
1968 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қос автокөлік соқтысығып, біреуі өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).